Ақтөбелік тұрғын қомақты ақшасынан қағылды

 

Ақтөбелік тұрғын қомақты ақшасынан қағылды

69 жастағы ақтөбелік қаржылық жағдайын жақсартамын деп, қомақты ақшасынан айырылып қалды.

Жәбірленушімен байланысқа өзін биржа өкілімін деп таныстырған адам байланысқа шығып, ақша аударымы мен комиссия үшін сақтандыру қағазы мен салықтарды төлеу керектігін айтқан. Айтылған операцияны жүзеге асыру үшін жәбірленуші еш ойланбастан барлық ақшасын алаяқтарға аударып жіберген. Шығын сомасы шамамен 5 миллион теңге.

Ақшаны иемденген алаяқ жәбірленушімен кері байланысқа шықпаған, ер адам өзінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға арызданды.

Қазіргі таңда, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қоғам
11:30, 07 июнь 2022
969
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив