Мас күйде мотоцикл айдаған ақтөбелік жауапқа тартылды

 Хромтауда мас күйде мотоцикл тізгіндеген ер адамбес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімеді.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@mail.com

 Хромтау қаласында әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде  учаскелік полиция инспекторы мотоцикл жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында мотокөліктің тіркелмегені белгілі болды.  Сараптама қорытындысы 45 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықтады.  Одан бөлек, ер адам былтыр осыған ұқсас құқық бұзып 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.  Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Мотоцикл арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша жүргізуші  көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылып,  5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Құқық
15:45, 03 июль 2025
296
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив