Ақтөбеде 41 ата-ана құқығынан айырылған
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында бұзақылық, қылмыс жиілеп кетті. Мамандардың айтуынша, ол бірінші отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауынан. «Баланы отбасы, ата-анасы тәрбиелемесе, көше тәрбиелейді деген ұғым бар» дейді психологтар.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
Қазіргі таңда облыс бойынша 316 қолайсыз отбасы тіркеліп тұр. Оларда 791 бала тәрбиеленеді. Қолайсыз отбасында ата-аналары ішімдік ішеді, балаларын қараусыз қалдырады. Мұндай жағдайда құзырлы органдар тиісті шаралар қолданады.
- Қолайсыз отбасының ата-анасы түрлі жағдайда ішімдік ішіп, жұмыссыз, үй-жайына қарамайтын адамдар. Олар балаға дұрыс тәрбие бермейді. Осындай жайсыз отбасыларды уақытылы қадағалап, тексеріп тұрамыз. Көбіне қиын отбасынан шыққан 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер бұзақылық, қылмыс жасайды. Оларды ата-аналары қараусыз қалдырған соң, еркіндікті сезініп үйден қалаға кетіп жатады. Ата-анасының қарауынсыз пәтер жалдап, білгендерін істеп жүретін балалар да бар. Егер бала 2-3 рет қылмыс жасаса, арнайы оқу орнына жібереміз. Дегенмен, оған жауапты ата-ана. Ата-анасын міндетті түрде бақылауға аламыз. Бұйрыққа сәйкес жұмыс жасаймыз. Айына бір рет тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылап тұрамыз. Қылмыстың түріне қарай айына екі рет тексеруді қажет ететін отбасылар да болады,-дейді Ақтөбе облысының ювеналдық полиция тобының бастығы Ботакөз Жалекешова.
Былтыр облыс бойынша 41 ата-ананы құқығынан айырған. Жыл басталғалы 8 бала «Үміт» балалар үйіне орналастырылды. Екі ата- құқығынан айырылған.
- Облыста былтыр 41 отбасындағы ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды. Басында сол отбасыға барып бір рет көмек береміз. Кейін ескерту жасаймыз, оған көнбесе айыппұл саламыз. Бұлардан да нәтиже болмаған жағдайда, балаларын балалар үйіне алуға мәжбүр боламыз. Ата-ана өздерін дәлелдеп, жұмыс жасап, баласына қарай алатын жағдайда болса, қайтадан балаларын алуға мүмкіндік болады. Ювеналдық сотқа қажетті құжаттарын тапсырып, тиісті мінездемелерді жинақтау керек,-деді Ботакөз Жалкешова.
Өздерінің балаларының тәрбиесімен айналыспаған 500 ге жуық ата-ата әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Былтыр 96 бала қылмыс жасаған. Оның ішінде аса ауыр қылмыс бойынша 99 бап Есет батыр мектебінде болған жағдай. Дене жарақатын салған 4 жағдай болды. Дүкендерден көлемі 2 АЕК көрсеткіштен аспайтын зат ұрлаған 2 жағдай болды. Ұрлық бойынша 30 бала, алаяқтық жасаған 6 бала, тонау жасаған 12 бала, бопсалау бойынша 5 бала тіркелді. Егер бала писх диспансер есебінде тұратын болса, қамауға алынбайды. Былтыр 4 кәмелет жасқа толмаған баланы оқшауладық. Оның екеуі қамауда отыр, екеуі шектеуде,-дейді ювеналдық полиция.
Былтыр құқық бұзған, түнгі уақытта қала көшелерінде жүрген 7558 бала тіркелген. Олардың 6343 баланың ата-анасына айыппұл салынған.
- Кешкі уақытта қала көшелерінде ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмаған балаларды бөлімшеге апарамыз. 2 сағат арасында үй-жайын анықтаймыз, ата-анасына хабарласамыз. Егер ешкімі табылмаса «Аяла» балалар үйіне орналастырамыз. Ата-анасына айыппұл салынады, ескерту жасалынады. Ойын-сауық орындарының иесіне айыппұл салынды. 21 жасқа дейінгі жастарға ішімдік сатқан 361 магазинге айыппұл салынды. Темекі бұйымдарын сатқан 11 магазин айыппұл төледі. 641 бала есепке алынды. Топтық төбелес болса, ол балаларды бөлімшеге жеткіземіз. Профилактика жүргізіп, түсіндіріп жібереміз. Келесі күні ата-анасымен бірге тағы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Егер бала тәртіпке бағынбаса, арнайы түзету мекемелеріне 1 жылға жіберіледі. Өткен жылы 8 бала арнайы түзету мекемесіне жіберілді. Бала бір жылға дейін сонда болады. Келген соң, арнайы бақылауда болады. Балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ата-ана, қоғам болып бірлесе жұмыс жасау керек. аптасына екі рет білім ұйымдары мамандарымен, “Аманат” партиясы өкілдерімен бірлесіп рейд жұмыстары жүріп тұрады. Қаламыздың ерікті жастары да рейд жұмыстарына шығады. Қандай жағдай болмасын ата-ана баласымен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Баласының қандай ортада жүргенін, кіммен сөйлесетінін ата-анасы білу керек. Ұялы телефонын бақылап тұру керек. Есепте тұрған балаларды әлеуметтік желі арқылы да бақылап отырамыз,-дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің ювеналдық полиция тобының бастығы Ботакөз Жалекешова.
Балаға қай уақытта ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға тыйым салынады?
Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне:
- ойын мекемелері,
- түнгі клубтар,
- кафе-барлар,
- мейрамханалар
- интернет кафе,
- компьютер,
- бильярд бөлмелері,
- боулинг клубтары мен кинотеатрлар,
- театр және ойын-сауық нысандары және басқа ғимараттар,
- ойын-сауық, театр және ойын-сауық, спорттық, мәдени және демалыс қызметтері ұсынылатын үй-жайлар, құрылыстар жатады.
Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады. Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны табудың себебін анықтауға, заңды өкілдерін құруға, оларды уақтылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған адамды оның заңды өкілдерін құру жөніндегі келесі шаралар үшін полиция органына жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады?
Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін:
- кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
- түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады.
Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Баланы тиісті емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады.
Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған-тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.
Айыппұл мөлшері:
- жеке тұлғалар үшін - 10 АЕК, қайталама құқық бұзушылықтар үшін - 20 АЕК;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 15 АЕК, қайталағанда - 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 30 АЕК, қайталағанда - 50 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 50 АЕК, қайталағанда - 100 АЕК.
Кәмелетке толмағанның өкілі ретінде кім сөйлей алады
Заңды өкілдің қатысуымен кәмелетке толмаған бала белгіленген уақыттан өткеннен кейін ойын-сауық мекемелерінде болуы мүмкін.
Басқа ересек адам заңды өкіл ретінде таныла алмайды.
Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болады.
Көршісіне сағат 23.00-ден кейін мұз айдынын жасауға көмектескен кәмелетке толмаған құқық бұзушы үшін көршісі заңды өкіл болып табылмайды.
Тек заңды өкілдері ғана баланы полициядан алуға құқылы.
Егер ата-аналары уақытша қалада болмаса, онда туыстары немесе өкілдері тиісті құжатты немесе нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы керек.