IV дүниежүзілік көшпенділер ойынынан 8 медаль

 Қазақ спортшылары дүниежүзілік көшпенділер ойынынан 8 медаль иеленді. Оның 3-еуі алтын, 3-еуі күміс, 2-еуі қола. Жарыс алғаш рет Түркияда өтті, оған әлемнің 102 мемлекетінен 3 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен қатысқан. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Қазақ спортшылары спорттың 5 түрінен бақ сынасқан. Қазақ күресі бойынша ел құрамасының қоржынына Марат Нығматуллаев, Зарина Сарипова, Еламан Қойшыбаев, Рауза Нұрмұхамметова, Мақсат Исағабылов, Мөлдір Азаматтар 6 медаль салған.

 Дәстүрлі садақ ату бойынша сайысқа түскен Қасымхан Қанат өзінің қарсыласы Оғыз Окшадан 2 ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Финалға 32 елден 95 спортшы қатысан. Тағы бір күмісті жамбы атудан отандасымыз Айкөз Ералхан жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанып, Қырғызстан командасын 4:3 есебімен жеңді. Финалға жету жолында қазақстандықтар Өзбекстан мен Моңғолия спортшыларын 8:1 және 12:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.


Спорт
10:30, 03 октябрь 2022
3 370
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив