Ақтөбеде ешкіні ит талаған
Қызылжарда жайылып жүрген ешкіні ит талап тастаған. Ауыл тұрғындары құқық қорғау органдарынан иттердің иесін тауып, жазалауларын сұрап отыр. Бұл туралы kyzylzhar_aktobe инстаграмм парақшасында жарияланды.
Еркежан СЕРІК
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар-2 елдімекенінде жайылып жүрген ешкіні қаңғып жүрген екі ит талап тастаған. Оны қасынан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын көріп қалған. Егде жастағы ер адам сол жерде жатқан таяқ, тастардың көмегімен екі итті қуып үлгерген. Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан ешкінің тұмсық жағы қан жоса болғанын анық көруге болады.
“Ешкінің орнында кішкентай бала болса қалай болар еді?” деп алаңдаған тұрғындардан маза кеткен. Қызылжарлықтар жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарынан бұл мәселенің аяқсыз қалғанын қаламайды. Жедел түрде иттердің иесін тауып, жазалауын сұрайды.