Ақтөбе облысында 949 дана киіз мүйізі тәркіленді

 Ақтөбе облысында полицейлер 949 дана киіз мүйізін тәркіледі. Көліктің жүксалғышына салынған ақбөкен мүйізін ер адам сатпақ болғанын айтқан . Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

Тәртіп сақшылары 41 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-2110 маркалы автокөлігін тоқтатады. Жолаушы отыратын орында 61 жастағы ер адам болған. Көліктің жүк салғышынан киік мүйізі бар 7 қорапты тапқан. ПД баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, жолаушы қораптардың өзіне тиесілі екенін түсіндірген. Және мүйіздерді сатпақшы болғанын айтқан. Қорапта 765 дана, ал ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 дана ақбөкен мүйізі тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.


Қоғам
12:00, 30 сентябрь 2022
956
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив