Қазақша дубляж рекорд орнатты

Ғылыми-фантастикалық туындының қазақ тіліндегі нұсқасын 43 мыңнан астам көрермен тамашалап, кассалық табыс алғаш рет 71 миллион теңгені құрады.

Бұл голливуд фильмдеріне дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Фильмді дыбыстауға 35 дубляж актері еңбек етті. Бас кейіпкері Джейк Саллиді – актер Қобыланды Болат, Зои Салдананы Шехназа Қызыханова. дыбыстады. Сонымен қатар дыбыстауға балалар да қатысты. Бүгінде қазақ тілі дубляждағы екінші түркі тілі ретінде дараланып, Blu-Ray-да көруге болатын Голливуд фильмдерінің негізгі жеті тіліне енгенін де атап өту керек.Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта да әлемдік деңгейдегі фильмдерді қазақ тіліне дубляждауды жалғастыратын болады. Бұл жұмыстарға жыл сайын 300-ге жуық дубляж маманы жұмылдырылады

Өнер
14:30, 09 февраль 2023
2 544
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив