Ақтөбелік полицей Қазақстан чемпионатынан алтын медаль иеленді

Есет Қуанов – дзюдодан Қазақстан чемпионатында топ жарып, алтын алқа жеңіп алды. Енді ақтөбелік полицей қызметкері Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына дайындалуда.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Есет Қуанов –самбо және дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем кубогының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ дзюдодан Азия кубогы мен Еуропа кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Ақтөбелік сақшы Астанада өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, алтын алқа иеленді. Дүбірлі додаға 500-ге жуық спортшы бақ сынаған. 66 келі салмақ дәрежесінде күрескен ақтөбелік дзюдошы-полицей топ жарып, қарсыластарына есе жібермеді.


Спорт
14:17, 24 ноябрь 2023
1 337
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив