Түсіндірме жұмысы өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Қостанай облысында дін істері басқармасының қолдауымен бекітілген жоспар бойынша, 2025 жылдың 26 – 30 мамыр аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты: Тойматаев Даурен Болатович – А.Байтұрсынұлы ат. Қостанай өңірлік университеті әлеуметтік-гуманитарлык кафедраның профессоры, философия ғылымының кандидаты; Нұғыманов Асет Бауыржанұлы – Қостанай облысы, «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ теолог маманы; Мурзагалиев Руслан Жусупбекович – ҚХА-ның жасарат қанатынның көшбасшысы; Шакимова Лола Сергеевна – сарапшы-психолог, Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы – Астана қаласы, «Ислам зерттеулері орталығы» ҚҚ атқарушы директоры, дінтану ғ. PhD.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Қостанай қаласы, Ұзынкөл, Қамысты, Жітіқара, Алтынсарин аудандарының тұрғындарымен, орталық базарларындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандармен, түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен, спортшылармен және т.б. «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары», «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылығы», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге барудың қауіптілігі», және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.