Биыл Ақтөбеде жол апатынан 7 адам қаза тапқан

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 101 жол көлік оқиғасы болып, 7 адам қаза тапқан. Тағы 97 адам зардап шеккен.

Соның бірі кеше түнде болды. "TOYOTA LAND CRUISER PRADO" маркалы автокөлігінің жүргізушісі К. Нокин даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші қаты соққының нәтижесінде қаза тапты. ПД мұндай ЖКО-ның алдын алу үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінің алдында әр кез жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге әрдайым жол беруі керектігін ескертеді.

 

 

 

Қоғам
10:00, 02 сентябрь 2022
610
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив