Ақтөбелік әйел сыныптасына сеніп, қарызға батты

Алға ауданының тұрғыны сыныптасына жеңілдікпен пәтер алуға көмектестінін айтып сендірген. Оның барлық құжаттарын иемденіп, атына несие рәсімдеген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Алға ауданында 32 жастағы әйел көпбалалы сыныптасын алдап соққан.Ол жәбірленушіге жеңілдікпен мемлекеттік бағдарлама арқылы қаладан пәтер алуға көмектесетінін айтқан. Басында баспанасы жоқ әйел сыныптасына сеніп, барлық құжаттарын берген. Ауыл тұррғыны оның атынан банктен, бірнеше қаржы ұйымынан ақшалай және тауарлық несие рәсімдеген. Жәбірленуші алданып қалғанын 1 миллион теңге несиені төлеу мерзімі өткені туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті полиция бөліміне жеткізілген. Ол ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсап жібергенін айтқан.


Әлеумет
15:01, 23 октябрь 2023
1 103
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив