Ақтөбеде екі жылда 14 әкеден ВИЧ инфекциясы анықталған

 

Ақтөбеде бір айдың ішінде ВИЧ инфекциясына шалдыққан  5 адам тіркелді. Олардың барлығы инфекцияны жыныстық қатынас арқылы жұқтырған. 

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері ВИЧ инфекциясына шалдыққандардың арасында 30 адам  СПИД-тің ең соңғы сатысына дейін дертті асқындырып алғанын айтты. Олар тегін ем қабылдаудан бас тартқан. Қазір  ВИЧ жұқпасымен өмір сүретін адамдардың вирус жүктемесін нөлге дейін төмендете алатын препараттар  бар. Ескеретін жәйт, ол препараттар тегін беріліп,  ем шаралары да ақысыз жүргізіледі.

Облыстық ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері Айжан Жайлаубаеваның айтуынша, АИТВ жұқпасы көп жағдайда қорғалмаған-жыныстық қатынас арқылы беріледі.  ВИЧ-маса шаққанда, қол алысып амандасқанда, жөтелген кезде ауа арқылы таралмайды. Дегенмен, сақтықта  қорлық жоқ. ВИЧ инфекциясымен өмір сүретін адамдар пайдаланған ұстара басқа да өткір құралдар арқылы жұғу қаупі бар. Сондықтан, аурудың алдын алу үшін ретінде жылына бір рет облыстық ЖИТС орталығына келіп, тексеруден өтуге болады.  

  Орталық дәрігерлері  халық көп жиналатын жерлерге барып, тегін тексеру жұмыстарын  жүргізе бастады.Басты мақсат-ВИЧ инфекциясына шалдыққандарды дер кезінде есепке алып, емдеу, қауіпті дерттің  таралу деңгейін  төмендету. Ақтөбедегі сауда орталықтарының бірінде өткен шараға екі сағаттың ішінде 40-қа жуық адам келді. Олар  ВИЧ инфекциясына қан тапсырды. Дәрігерлер экспресс -тәсіл арқылы  жедел тестілу жұмыстарын жүргізді. Тестілеу нәтижесі санаулы минутта дайын болды.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында ВИЧ жұқтырғандардың 81 пайызы өз мәртебесін біледі. Олардың 89 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдап жатыр.  

-ВИЧ инфекциясымен   өмір сүретіндердің 91 пайызының вирустық жүктемесі төмен. Мұның өзі алдын алу шаралары бойынша атқарылатын жұмыстардың нәтижесі,- дейді  облыстық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

Айжан Жайлаубаеваның сөзінше,  2023 жылдан бері жүкті  әйелдердің күйеуі немесе жыныстық серіктесі  ВИЧ  инфекциясына тексерілуге міндеттелді.  Бұндай тексерудің нәтижесінде алғашқы жылы 9 ер адамнан ВИЧ анықталған. Ал былтыр  5  болашақ әкенің де ВИЧ инфекциясына шалдыққаны белгілі болған. Дәрігерлер ер адамнан жұқпа табылған кезде, жүкті әйел мен мен іштегі балаға қауіпті дерттің берілмеуі үшін ем жүргізуді қолға алады. Мамандар  қазіргі кезде жыныстық қатынас кезінде инфекцияның жұғуын тежейтін препарат бер екенін айтты. Егер сақтық шаралары  дер кезінде жүргізілсе ана мен бала вирус жұқтырмауына мүмкіндік бар.

Айта кетейік, облыстық ЖИТС орталығында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 749 адам тіркеуде тұр.

Қоғам
13:09, 21 февраль 2025
550
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив