Отбасындағы жанжал: 3400 шағым түскен

Ақтөбеде  жыл басынан бері полицияға отбасындағы жанжал бойынша 3400 шағым түскен. Оның ішінде қайталама шағымдар да бар.

Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com

Отбасындағы жанжал- қоғамдағы өзекті мәселе. Жыл басынан бері тұрмыстық  жанжалға байланысты 3400 шағым түскен. Оның ішінде 415-і қайталанған шағым ретінде тіркелген. Ақтөбе қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Айымгүл Төкешованың айтуынша, отбасында келіспеушілік туындаса, мәселені ушықтырмай бірден хабарласқан дұрыс. Өйткені жанжалдың соңы ауыр зардапқа әкелуі мүмкін.

  • “Қауіпсіздік коды: 102-111-150” атты республикалық акциясында әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға баса назар аударылады.  Қиын жағдайға тап болған адамдар, отбасылар анықталған жағдайда, оларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсетіледі. 102 нөміріне түскен қоңырауларды бақылауда ұстаймыз. Әсіресе қайталама қоңырауларға ерекше назар аударамыз. Мұндай отбасылардың  үйін мамандармен бірге аралап, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, - деді полиция капитаны.

Жәбірленушілерді қорғау мақсатында 2678 қорғау нұсқамасы шығарылып, сот шешімімен  құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған. Айымгүл Серікбайқызы тұрмыстық жанжалға көбіне маскүнемдік, қаржының жетіспеушілігі, туыстардың араласуы, қызғаныш себеп болатынын атап өтті.

 

Керек ақпарат
15:25, 01 октябрь 2026
212
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив