Ақтөбелік тұрғынды ұрып, ақшасын тартып алған

 

Ақтөбеде тұрғынды ұрып, ақшасын тартып алған ер адам ұсталды. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға Әбілқайырхан даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған.Полицияға сағат 08:00-де төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түседі. Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы жіберіледі. Ақтөбелік тұрғынды белгісіз біреу ұрып, 104 мың теңге ақшасын тартып алған. Жәбірленуші орнына тұрып, ақшасын тартып алған адамды қуып жетеді. Сол кезде екеуінің арасында төбелес басталған. Тәртіп сақшылары 30 жастағы күдіктіні ұстады. ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған ақша тәркіленген.

 

Қоғам
09:30, 02 сентябрь 2022
696
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив