Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан 14 дана киіз мүйізі тәркіленді
Ақтөбе облысында мал ауылдағы жертөле ішінен 14 дана киік мүйізі тәркіленді. Оны 44 жастағы ер адам мал бағып жүргенде тауып алғанын айтқан. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шалқар ауданының полицейлері жертөле ішінен 14 дана ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі. Полицияның дерегінше, 44 жастағы ер адам киіктің мүйіздерін мал бағып жүргенде тауып алғанын айтқан.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1 бөлігімен “Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить