Қыз зорлаған ақтөбелік 15 жылға сотталды

 Ер адам кәмелетке толмаған қызға күш қолданып, еркінен тыс зорлаған. Сот 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдермен расталды. Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін, ауырлататын мән жайлар анықталған жоқ.

Сот ер адамды ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Құқық
14:54, 06 ноябрь 2026
139
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив