Апаттан үш жұмысшы зардап шекті

Әйтеке би ауданының маңында болған жол апатынан үш адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Оқиға 23 мамыр күні болған. 

 

Компания жұмысшылары электр желілерін жөндеу бойынша кезекті шақырудан қайтып келе жатып, қатты жаңбырдан кейін жол апатына ұшыраған. «УАЗ-2206» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолында Әйтеке би ауданының Теренсай ауылы маңында қарсы жолаққа шығып, рульді игере алмай, жол жиегіне аударылған. ЖКО салдарынан «УАЗ-2206» автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушы Әйтекеби ауданының орталық ауруханасына жатқызылған.

Құқық
10:30, 30 май 2022
648
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив