Лоторея клубы тоналды
10 мамыр күні лотерея клубтарының бірінде тонау дерегі тіркелді. Шамамен 30-35 жастағы ер адам кассир мен күзетшіні қорқытып, кассадан 550 мың теңгені ұрлап, оқиға орнынан жасырынған.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні ұстап, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес тергеу изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК «Тонау» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ПД егер сізді тонап кеткен жағдайда шабулдаушының сыртқы келбетін, кіиімін, мінез-құлықындағы ерекшелітерін есте сақтауға тырысуды, 102 телефоны бойынша дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды немесе жақын маңдағы полиция нарядына жүгіну қажеттігін ескертеді.
Арайлым ҚАСЫМ