"Күйеуім қорылдайды'

Жауап: Қорылдан арылу үшін халық емінен бастап хирургиялық оталардың көмегіне дейін жүгінуге болады. Қорылдап жатқан адам айналасындағыларды жайсыз сезімге душар етіп қана қоймай, өзінің денсаулығында кінәрат барын білмеуі мүмкін. Статистика бойынша, Жер бетіндегі ер азаматтардың 40 пайызы, ал әйел адамдардың 30 пайызы қорылдайды. Олардың басым бөлігі түнде қорылдамау үшін ешнәрсе жасамайды. Аздаған уақыт бөлу арқылы бұл зиянды "әдеттен" арылуға болады. Мұны қалай емдеуге болады? Емдеудің әртүрлі нұсқасы бар. Адамдар өзі үйде пайдаланып көре алатын тәсілдерден бастап, хирургиялық оталарға дейін.  Тамақты түймедақ тұнбасымен шаю ісікті кішірейтіп, қорылды уақытша тоқтатады. Шырғанақ майы – ылғалдандыру үшін. Ұйықтардан бірнеше сағат бұрын мұрынға тамызуға кеңес береді. Нәтижесін 2-3 аптадан кейін байқауға болады. Эфир майларымен ингаляция. Бұл үшін эвкалипт, розмарин, жалбыз және қарағай иісі шығатын эфир майларын пайдалануға болады. Мүңкіген иіс мұрынды бірден ашып, микробтарды өлтіреді және ісікті басады.  Ортопедиялық жастық – уақытша қорылдамауға әсер етеді және төсекте жатқанда басқа ыңғайлы. Капа ұйықтап жатқанда жақты бірқалыпты ұстап тұрады және жоғары тыныс алу жолдарын кеңейтеді.

 

Сұрақ – жауап
12:00, 09 сентябрь 2022
1 979
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив