Ақтөбедегі оңтүстік айналма жол ашылады

 Ақтөбе қаласындағы оңтүстік айналма автокөлік жолы жоспарланған мерзімінен бұрын ашылады. Көлік жүпргізушілері 15 қазаннан бастап тегіс жолда қауіпсіз жүре алатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен қызметтік жиында айтылды.

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

 15 қазанға қарай жолдың екі жолағына асфальтбетон жабындысының төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталмақ. Көлік қозғалысы үшін әзірге төрт жолақтың осы екеуі ашылады.

 Облыс әкімі Е.Тоғжанов жол құрылысын халық сұранысының көптігіне орай мерзімінен барынша ерте аяқтау қажеттігін айтты. Өңір басшысы «Оңтүстік айналма» жолымен қатар, қаланың басқа да жолдарына белгі қою жұмыстарын тездетуді тапсырды. Негізінен мердігер жол құрылысын қазан айының аяғында тапсыруды жоспарлаған. Ал реконструкциялау жұмыстары 2023 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде.


Қоғам
13:30, 30 сентябрь 2022
774
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив