Қатерлі ісікті уақытында анықтамаған: Марқұмның туыстары дәрігерлерді сотқа берді

Ақтөбе облысында қатерлі ісіктен қайтыс болған ер адамның туыстары сотқа шағым түсірді. Олар марқұмның өліміне дәрігерлерді кінәлі деп санап, моральдық зиян және материалдық шығын талап етті.

Жансая ЕСМАҒАНБЕТ

kerekinfoaktobe@gmail.com

Сот құжаттарына қарағанда,  оқиға  2024 жылдың қазанында басталған. Темір ауданының  79 жастағы тұрғыны  аудандық ауруханаға мен Ақтөбедегі жеке клиникалардың біріне бірнеше рет медициналық көмекке жүгінеді. Ер адамның  кеуде тұсы,  арқасы мен аяқ-қолы ауырған. Ол өзін әлсіз сезініп, ұйқысы бұзылған, салмақ жоғалтқан. Туыстарының сөзінше, марқұм медициналық көмекке бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, ауруға уақытылы диагноз қойылмаған әрі қажетті емдік-диагностикалық шаралар қабылданбаған. Ақыры ол Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында тексеруден өтіп, оған — өкпенің IV сатыдағы обыры диагнозы қойылған. Алайда ауру асқынып кеткендіктен, оны емдеу мүмкін болмаған. Ақыры ер адам  2025 жылғы 31 қаңтарда қайтыс болған. Марқұмның  әйелі мен  қызы мен ұлы сотқа шағымданып, жалпы 17 млн теңге моральдық зиян  мен 1 млн. теңгеден астам материалдық шығынды өндіруді сұраған. Сот отырысында медициналық мекеменің өкілдері талапты үзілді-кесілді жоққа шығарды. Олардың айтуынша, марқұм денсаулығы нашарлағанға дейін өздігінен жүріп-тұрған, бақшада жұмыс істеп, автокөлік басқарған. Олар науқастың егде жасын ескергенде,қатерлі ісіктің белгілері анық байқалмағанын айтты.  Дегенмен Темір аудандық ауруханасының дәрігерлері  ауылдық жерде науқасты толық тексеруге қажетті диагностикалық жабдықтар мен тар бейінді мамандардың жоқтығын мойындаған. Дәрігерлер олардың әрекеттері мен ер адамның өлімі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс жоқтығына  сендіруге тырысты. Алайда ресми тергеу мен  іс материалдары медицина қызметкерлерінің дәлелдерін жоққа шығарды.

  -Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, науқасқа  медициналық көмек көрсету барысында елеулі кемшіліктер анықталған. Темір аудандық ауруханасында  рентген суреттерін толық емес әрі қате сипатталуы, онкологиялық ауруға қатысты сақтықтың жеткіліксіздігі, тексеру көлемі мен медициналық құжаттаманың толық болмауы, сондай-ақ науқасты медициналық ұйымдар арасында уақтылы әрі тиісті тәртіппен бағыттау жүйесінің болмауы анықталған.Ал Айгерім» сұлулық және денсаулық орталығының МРТ хаттамасында ісік өзгерістерінің сипаты мен таралу ауқымы толық көрсетілмегені анықталған. Сараптама қорытындысында аурудың ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі, бастапқы белгілерінің спецификалық болмауы ауру уақтылы диагностикалауды қиындатқаны айтылған. Сарапшылар өкпе обыры диагнозының дұрыс қойылғанын, алайда оның уақтылы анықталмағанын көрсеткен. Қорыта айтқанда, науқасқа  медициналық көмек көрсету барысында жауапкерлер тарапынан бірқатар кемшіліктерге жол берілген. Атап айтқанда, ауру уақтылы анықталмаған, науқас толық тексерілмеген және науқас қосымша тексеру мен ем алу үшін бейінді мамандарға уақтылы жолданбаған,-делінген сот құжаттарында.

   Ақтөбе қаласының соты  медициналық қызметті сапасыз көрсеткені үшін марқұмның әйелі мен қызына Темір аудандық ауруханасынан 300 мың теңгеден, ал  жеке клиникадан 100 мың теңгеден моральдық зиян өндіруге шешім қабылдады. Ал ұлының әкесінен бөлек тұрғанын және Алматыға емге апармағанын ескеріп, оның шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.

 

Қоғам
16:32, 22 октябрь 2026
68
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив