Ақтөбе облысындағы ауыл мектептерінде 45 мыңнан астам бала оқиды

Ақтөбеде қала мен ауыл мектептері оқушыларының білімін теңестіру мақсатында “Bilim ALL”  өңірлік жобасының моделі қалыптасты. Қазір 35 үздік мұғалім  120 мектептің оқушыларына сабақ беріп жатыр.

НАЗГҮЛ ӘБЕТОВА

kerekinfoakobe@gmail.com

Жобаны жүзеге асыру арқылы білім сапасындағы алшақтық қысқарады. Сапалы білім қала мен ауыл балалары арасында бірдей қолжетімді болады. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғылықты жеріне қарамастан балаларға тең мүмкіндіктер жасалу керек. Модельдің нақты механизмі-шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеру болып табылады. 2023-2024 оқу жылында Ақтөбе облысындағы барлық шағын жинақты мектептерге виртуалды оқыту жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Облыстағы 424 мектептің 281-і ауылдық жерде орналасқан. Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде 45 мыңнан астам бала білім алып жатыр. 

Әлеумет
12:00, 28 апрель 2023
700
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив