Қобдада су тасқынан зардап шеккен отбасылар баспаналы болды
Қобдада су тасқынынан зардап шеккен 30 отбасыға баспана кілті табысталды. Ауданы 100 шаршы метр болатын тұрғын үй бірыңғай жобамен салынған.
Назгүл ӘБЕТОВА
@nazgulabetova
Қобда ауданында көктемде су тасқынынан зардап шеккен 30 отбасыға баспана кілті табысталды. Жаңа тұрғын үйге инфрақұрылым желілері толық тартылған. Қасбеті кірпішпен қапталған. Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Енді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл аумақ тұрғын үй алабы болады. Қысқа мерзімде баспана салуға 200-ден астам жұмысшы атсалысқан. Сонымен қатар, аралас жекпе-жектен чемпион Шавхат Рахмонов үйін су басқан Алдрабековтер отбасына баспана тұрғызып берді.
Еске салайық, Қобда ауылындағы су тасқыны кезінде 79 үй, 22 ауланы су басты.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить