Ақтөбеде 73 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақ ішеді
Ақтөбе облысында алдағы оқу жылынан бастап 72 841 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.
Назгүл ӘБЕТОВА
@nazgulabetova
2023-2024 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптың барлық оқушысы мектеп асханасынан тегін тамақтанады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы жылға есеп жүргізіліп, қаржы бөлінген. 2003-2024 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап 1-4 сыныптың 72 841 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Айта кетейік, облыста мемлекеттік 404 мектеп бар.
Әлеумет
Комментарии (0)
Добавить