Абаттандыру ережесін сақтамаған кәсіпкерлер айыппұл арқалайды

Ақтөбеде санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша күзгі екі айлық басталған еді. Енді қаладағы кәсіпорын иелері тазалық сақталмаса, айыппұл төлейді.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Қалалық әкімдікте күзгі екі айлық жөнінде жиын өтті. Оған 200-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық ережелерін бұзған кәсіпкерлік нысандарының, ірі кәсіпорындардың, құрылыс салып жатқан компаниялардың басшылары және КСК төрағалары шақырылды.

Тазалық, абаттандыру ережелерін сақтамаған кәсіпкерлік нысандардың аты аталды. Олардың қатарында «Достар», «Эвелина», «Баян сұлу», «Шаңырақ құрылыс», «Домино», «ANK PARTNERS», «Қызғалдақ», «Center group» сияқты бірнеше құрылыс компаниялары, «Дубравушка» секілді бірқатар КСК-лар, темір жол вокзалы, автовокзал, “Әлемгаз” газ құю бекеті, “Автотехсервис” СТО сияқты бірнеше нысандар бар. Енді 23 қыркүйекте, 7, 21 қазанда жалпы қалалық сенбіліктер өтеді.


Әлеумет
14:00, 18 сентябрь 2023
549
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив