Ақтөбеде газ жоқ

Облыстағы газ құю бекеттерінде тамыз айының аяғынан бері газ жоқ. Автокөлік жүргізушілерін де газ тапшылығы әбігерге салды. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев қыркүйек айында да газдың аздығы сезілетінін мәлімдеді.
Арайлым Қасым
Басқарма басшысының айтуынша энергетика министрлігіне жіберілген сұраныс толық қанағаттандырылмаған.  Оның себебі, Атырау облысындағы газ өндіретін зауыттар мен «СНПС Ақтөбе мұнай газдың» кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуінде екен.
— Облыстағы газбен жүретін автокөліктердің санына байланысты бізге ай сайын 13 500 тонна газ қажет екенін есепиеп шығардық.  Энергетика министрлігі қыркүйекте 10 500 тонна ғана газ бөлді. Жетіспеген газдың орынын толтыру үшін «ҚазақОЙЛ Ақтөбе» компаниясынан 355 тонна,  «ТенгизШевройлдан»  620 тонна газ алуға келісім шарт жасалды.  Сонымен барлығы 11 505 тонна газ алынбақ.  Десе де айдың ортасына дейін газ тапшылығы сезілуі мүмкін-,  деді ол. Ақтөбе облысы тамызда бөлінген 12 500 тонна газды тұтынған.   Облыстағы көліктердің 30 пайызы газбен жүретінін ескерсек бұл газ аздық етеді.  Сондықтан облыс басшылығы министрліктен тағы 1000 тонна газ сұратпақ.
— Бірақ бұл газ бағасы қымбат болғандықтан кәсіпкерлердің қалтасы ортаюы мүмкін.  Қалай болғанда да газ бағасы халық үшін сол 50 таңгеден асырылмайды-, дейді Ержан Мұздыбаев. Айта кетейік,  жергілікті «Қазақ Ойл Ақтөбе»  өндіретін газдың 700 тоннасы ай сайын Қызылорда облысын қамтуға жіберіліп отырады.  Келісім шарт бойынша егер газ артық өндірілсе, облыста қалады. Бұл энергетика министрлігінің бекіткен шешімі.

 

Әлеумет
11:00, 13 сентябрь 2022
932
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив