Никельтау станциясының перронында теміржолшылар төбелесті

Перронда төбелескен ер адамның бірі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Оқиға 16 қыркүйек күні Хромтау ауданындағы Никельтау станциясының перронында болған. Екі ер адам төбелесіп қалады. Пышақталған 47 жастағы ер адам аудандық ауруханаға түсті. Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚТЖ-ның баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады. Төбелес жұмыс уақытынан тыс кезде болған.

- Қандыағаш локомотив пайдалану депосының қызметкерлері арасында жанжал туындады. Келеңсіздік пойыздардың жүру кестесіне және жалпы теміржол көлігі жұмысына әсер еткен жоқ, - деп мәлімдеді ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.


Қоғам
14:53, 21 сентябрь 2023
730
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив