Ақтөбеде 1514 адам көші-қон заңнамасын бұзған

Полицияның мәліметіне сүйенсек, жыл басталғалы 1514 адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 1071-і шетелдік азамат.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Сот органдарының шешімімен 360 шетел азаматы елден шығарылды. Бұл ретте ел азаматтары шетелдіктерді жұмысқа қабылдауда заңнаманы бұзған. Сондай-ақ, шетелдіктер елде заңсыз жұмыс істеген.

- Жыл басынан бері көші-қон қызметкерлерімен 10 қызмет түрі бойынша 168 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тұрақты негізде мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде оларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі, мұндай санаттағы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді үйіне бара отырып көрсету мүмкіндігі де қарастырылған,- деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтудің 5 фактісі тіркелген. Елде транзитпен заңсыз жүрген 12 шетелдік анықталды. Сондай-ақ, алимент төлемей жүрген борышкерлер де бар. Олардың саны – 177.


Қоғам
15:44, 12 октябрь 2023
1 020
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив