Ақтөбеде мас жүргізушінің кінәсінен жолаушы зардап шекті
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған қыз балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аружан СМАҒҰЛОВА
@smagulova__aruzhan
Жол апаты 22 қазан күні болған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, "Renault Duster" автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, "Ваз-2115" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
"Renault Duster" автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі мас күйінде рөлге отырғаны белгілі болды.Апат салдарынан 2019 жылғы қыз балалар ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қоғам
Комментарии (0)
Добавить