“Қандыағаш-Ембі” автокөлік жолы жөнделеді

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтөбеге келген жұмыс сапарында келер жылы “Қандыағаш-Ембі” жолының жөнделетінін айтты.

Назгүл ӘБЕТОВА

@nazgulabetova

Қандыағаштан Ембіге дейінгі жолдың жағдайы сын көтермейді. Инертті материалдар таситын жүк көліктері санының артуы жол жамылғысының бұзылуына әкеп соқтыруда. Осы мәселе бойынша тұрғындар тарапынан шағым өте көп.

Биыл шұңқырларды бітеп, жүру бөлігі және жол жиегін пішіндеу жұмыстарын жүргізген. Мұғалжар тауынан 350 тонна интертті материал тасыған. Қазір қауіпті аймақтарда шұңқырларды бітеу және жол жамылғысын тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келер жылы Қандыағаш қаласынан Жұрын ауылына дейін, 30 шақырым орташа жөндеуге шамамаен 4 млрд теңге қажет. Министр қажетті қаражаттың бөлінуіне ықпал ететінін жеткізді.

 Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, “Шалқар-Қандыағаш” бағытындағы жолдың 20 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бейнеу-Бозой-Шалқар автожолында техникалық-экономикалық негіздеме дайындау жұмыстары басталған. 2024 жылы “Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын” республикалық автомобиль жолының екі учаскесінде құрылыс жұмыстары басталады.


Қоғам
15:30, 26 октябрь 2023
1 280
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив