«Клубтан артық. Спорттан басым»

 

Ақтөбе қаласының орталығында футболсүйер қауымның жүрегінен жылы орын алған жаңа аялдама бой көтерді. Ерекше безендірілген әсем туындының демеушісі – елдің ең танымал букмекері Olimpbet. Аялдаманың дизайны "Ақтөбе" клубының әкімшілігімен бірлесіп әзірленді. 

Артем Белов, Olimpbet спорт және арнайы жобалар директоры: 
— "Ақтөбе" ФК мен оның қалың жанкүйерлер қауымына арналған әрбір жаңа жобаны әрдайым ерекше ынтамен талқылаймыз. Оның үстіне, алдымызда тұрған үлкен жауапкершілікті де сезінеміз. Осылайша, Olimpbet-те қалаға жарқын, есте қаларлық және пайдалы нәрсе сыйлау туралы бастама туындады». 
Аялдаманы алғашқылардың бірі болып ақтөбелік блогер Жардем Ирғалиев бағалады.

Оның айтуынша, Ақтөбе халқы үшін футбол әшейін спорт түрінен әлдеқайда артық. Ал "Ақтөбе" - қалалық клубтардың бірі ғана емес, бірегейі екені тіпті ақиқат.  
— Біздің командамыздың өз үйінде өткізетін кездесулерінің барлығы аншлагпен өтеді десем, артық болмас. Ал қазір Орталық стадионның жанында "Ақтөбе" командасын дәріптейтін аялдаманың пайда болуы жанкүйерлердің рухын көтеретіні сөзсіз!"- дейді Жәрдем. 

Жаңа аялдама қала картасындағы жарқын нүктеге, сондай-ақ Отанымыздың танымал командасы мен елдің жетекші букмекері арасындағы серіктестік қатынас қалыптастыруда маңызды қадамға айналды.

Клуб пен бизнестің мұндай бірлескен жобалары қаланың мәдениеті мен өмірінің бір бөлігіне айналу үшін спорт саласына инвестиция салудың маңыздылығын көрсетеді.


Спорт
14:52, 03 ноябрь 2023
760
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив