Жылу мен суды ажырату - коммуналдық мекеменің құзырында

“Тұрғын үй қатынастары туралы” заңға бірқатар өзгерістер енгізілген. Өзгеріс бойынша, көппәтерлі үйді басқару үшін үйді басқару нысаны, оның төрағасы және тариф бағасы бекітілген жалпы жиналыстың хаттамасы болса жеткілікті.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қалалық әкімдігінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша мәселелер талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин КСК, ОСИ, ПТ төрағаларымен кездесті. Аталған шараға нотариаттық палатаның өкілі, нотариус Болат Шауменов және тұрғын үй қатынастары саласының заң сарапшысы ретінде тәжірибелі адвокат Венера Тапаева қатысты. Басқосуда “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңға өзгерістер енгізілгені туралы айтылды. Басқару нысандарының төрағалары пәтер иелеріне қарыздарын өндіріп алу кезінде бірқатар кедергілерге тап болады. Өзгеріс бойынша, көппәтерлі үйді басқару үшін үйді басқару нысаны, оның төрағасы және тариф бағасы бекітілген жалпы жналыстың хаттамасы жеткілікті. Нотариус әр пәтердің иесі мен басқару нысаны арасындағы келісім-шартты талап етеді. Ал әр пәтердің иесімен келісім шартқа отыру мүмкін емес. Бұған тұрғындардың жиі бас тартуы себеп.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңдарды білудің жеткіліксіздігінен басқару нысандарының жұмысында проблемалар туындайды. КСК өкілдері берешегі бар тұрғындардың пәтерін өз бетімен жылудан, судан ажыратып жататын жайттар туралы айтылды. Бұл өрескел заң бұзушылық болып есептеледі. Заңға сәйкес, қызмет көрсетуді тоқтату немесе шектеу коммуналдық мекеменің құзырына кіреді. Ол үшін КСК, ОСИ, ПТ төрағалары нотариуске жүгіне алады.

 Кездесу барысында басқару ұйымдарының төрағалары өз тәжірибелерімен бөлісті. Меншік нысандарының төрағаларын толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап берілді.


Әлеумет
14:25, 24 ноябрь 2023
1 348
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив