Ақтөбе қаласының әкіміне қалай баруға болады?

Ақтөбе қаласы әкімінің қабылдауына кіру үшін 41-60-01 телефон нөміріне хабарласып, алдын-ала жазылу керек. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдады. Көкейде жүрген түйткілді мәселелеріне жауап берді. Қабылдауға келген азаматтарды негізінен баспана, жер телімін беру сұрақтары толғандырады.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй алаптарын инженерлік желілермен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады. Азамат Бауыржанұлы бөлім басшыларына азаматтардың мәселелері заң аясында шешілуін тапсырды. Толығырақ зерделеуді қажет ететін сұрақтарды шаhар басшысы өзінің бақылауына алатын болды.


Әлеумет
14:31, 24 ноябрь 2023
1 744
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив