Ақтөбеге «Көп рахмет» спорт және сыйлықтар фестивалі келеді

City Shopping Center СОҮ алдында дүйсенбі күні үлкен іс—шара өтеді. Бұл шара кезінде ақтөбеліктерді көптеген сыйлықтар мен ойындар, қызықтар күтеді.

18 желтоқсан күні түскі сағат 12-00де Ақтөбеде «Көп рахмет» жаңа жылдық фестиваль басталады. Келген қонақтардың ішін пыстырмайтын керемет фестивальде түрлі ойындар ойнап, жаңажылдық сыйлықтар ұтып алуға болады. Ең басты сыйлық — "Яндекс.Станция.Макс"  ақылды колонкасы. Сондай—ақ 21 жастан асқан ойыншылар арасында Астана қаласынан пәтер ұтып алу ойыны болады.

Сыйлықтарды ұтып алу үшін үлкен асықтармен ойнау, мини—хоккейде жарысу немесе ағаш үстінде жастықпен соғысып ойнау қажет болады. Жалпы қонақтарды онға жуық ойын аттракциондары және кеш жүргізушісі мен диджей күтеді. Ойын кезінде тоңбау үшін арнайы сусындар мен ауқаттар қарастырылған.Жаңажылдық көңіл күйді «Көп размет» фестивалінен бастаңыз!

Спорт
11:30, 16 декабрь 2023
1 046
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив