Ақтөбеге келе жатқан пойызда сәби дүниеге келді
Пойызда толғатқан әйелді жолсерік Ғалия Қабдрахманова босандырып алды. Әйел мен нәрестені Жем станциясынан жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.
Аружан СМАҒҰЛОВА
@smagulova__aruzhan
Айнагүл Тілеубергенова Тоғыз станциянан №33 «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызға мініп, қалаға қарай жолға шыққан. Пойызда толғағы басталған ананы жедел жәрдем келгенше жолсерік босандырып алады. Осылайша түскі сағат 2 жарымдар шамасында қыз бала дүниеге келді. Анасы мен сәбиді Жем станциясынан жедел жәрдем күтіп алды. Ата-анасы пойызда дүние есігін ашқан сәбиге Малика деп атады. Айнагүл Тілеубергенова сәбиі үшін қатты алаңдағанын айтып, сәбиді босануға көмектескен пойыз жолсерігі Ғалия Қабдрахмановаға алғыс айтты. Айта кетейік, жолсеріктердің көмегімен соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 11-ге жуық сәби дүниеге келді.