Ақтөбелік полицейлер қатты аязда жолда қалған шетелдіктерге көмектесті

Қарабұтақ - Қостанай автожолындағы Талдысай кентінің маңында патрульдік полицейлер жол жиегінде тұрған жолаушылар автобусын байқады.

Автобус салонында үш жүргізушісі - ҚР азаматтары және 59 шетелдік жолаушы (6 кәмелетке толмаған бала, 4 әйел) болды. Олар Шымкенттен Челябинск қаласына бара жатқан.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен ТЖБ қызметкерлерімен бірге жолаушыларды эвакуациялады. Ер адамдар мешітке, ал әйелдер колледж жатақханасына орналастырылды. Эвакуацияланған адамдардың арасында медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ.


Әлеумет
12:45, 17 январь 2024
1 559
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив