Ақтөбеде заңсыз аң аулағандар ұсталды
Ақтөбеде заңсыз аң аулағандар ұсталды. Олардың көлігінен елік пен қоян өлексесі табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
фото ПД ұсынды
Полицейлер "Браконьер" жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Мәртөк ауданында рейд жүргізу барысында қарда жүретін үш көлікті тексерді. Полиция қызметкерлері тұрғындардың көліктердің бірінен елік пен қоянның өлексесін тапты. Тексеру кезінде олардың аң аулауға рұқсат қағаздары жоқ екендігі анықталды. Қазір заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Елік ату мерзімі 31 желтоқсанда аяқталған. Бұл аң аулау мерзімін де бұзған болып есептеледі. ПД тұяқты жануарларды ату 31 желтоқсанда аяқталғанын еске салады. Бұл жануарларды тек заңмен белгіленген мерзімде ғана аулауға болады. Ережелерді бұзғандар жауапкершілікке тартылады.