Ақтөбеде есірткі курьері ұсталды
Есірткі курьерінен 3 кг-нан астам марихуана табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ПД хабарлады.
Аружан СМАҒҰЛОВА
@smagulova__aruzhan
Есірткі курьері Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде оның чемоданынан 1 үлкен пакет табылды. Ішінде ерекше иісі бар жасыл өсімдік тектес зат болды. Сараптама қорытындысы бойынша, пакеттен 3 кг-нан астам марихуана анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Т. Рысқұлов көшесі бойында 27 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде одан 1,2 кг синтетикалық есірткі табылды. Кристалл тәрізді заттары бар зип-пакеттер салынған 3 полиэтилен пакет пен электрондық таразы тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі және 297-бөлігі 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі сатқаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.