Ақтөбеде заңсыз онлайн казино ұйымдастырғандар ұсталды

 

Ақтөбеде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырып, 306 млн.теңгеден астам табыс тапқан қылмыстық топ құрықталды.  Бұл туралы ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА

@abetovanazgul

Күдіктілер 2022 - 2024 жылдар аралығында “bingo37.pro” платформасы арқылы заңсыз ойын бизнесін басқарған. Қатысушылардан ақшалай бәсті операторлар банктік аударым арқылы қабылдаған. Содан кейін оларды платформаға тіркеген. Ойынға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме ұсынған. Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдіктілер дроптарды пайдаланған. Олардың атына банк карталарын рәсімдеген. Ақшаның қылмыстық ізін жасыру мақсатында осы карталар арқылы олар қомақты ақша сомаларын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мәліметінше, заңсыз онлайн-казиноның қызметінен күн сайын 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ақша түсіп отырған. Топтың жалпы қылмыстық табысы 306 миллион теңгеденасады. Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз алынған ақшаға Toyota Land Cruiser” және Lexus EC 250 маркалы екі автокөлік алғаны анықталды. Темір тұлпардың жалпы құны 66 млн.теңгені құрайды.  Қымбат  көліктерді  сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Сот санкциясымен аталған автокөліктерге тыйым салынды.

“ ҚР ҚПК 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттың таратылуына тыйым салынған”,-делінген департаменттің хабарламасында.

Заңсыз онлайн казино ұйымдастырғандарға қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі.  Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық
15:30, 10 февраль 2025
434
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив