Борышкер әкенің бас бостандығы шектелді

 Ақтөбеде   2,5 млн.теңгеден астам қарызы бар борышкер әкеге  1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Назгүл ӘБЕТОВА
@abetovanazgul 

Борышкер әке  2 жыл бойы алимент төлеуден жалтарып жүрген. Қарызы 2,5 млн.теңгеден асады. Сот үкімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау белгіленді.Қазір бұл қарыздың 1 млн.теңгеге жуығы өтелген. Прокуратураның хабарлауынша, облыста былтыр және биыл алимент бойынша 37 сотқа дейінгі тергеп-тексеру  басталды. Соның ішінде жеті борышкерге қатысты айыптау үкімі шығарылған. Ал  10 іс қарызын өтеуіне байланысты  тоқтатылған. Бүгінде өндірісте  20 іс бар. 
Айта кетейік, биыл облыста алимент бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді.

Құқық
11:51, 28 февраль 2025
493
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив