Алименттен жалтарған ақтөбеліктің бас бостандығы шектелді

Мұғалжар ауданында алимент төлеуден жалтарған азамат бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Ақтөбе облысының ПД.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

2020 жылы 31 жастағы азамат жұбайына бала күтімі үшін алимент төлеуге міндеттелген еді. Алайда ол ескертулерге құлақ аспай, алимент төлемеген. Осыған байланысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылады. Бұдан кейін 3 ай өтсе де алимент төлемеген. Сонымен қатар, жұмыс істеп, еңбекақы алып жүргенін сот орындаушысынан жасырады.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Қазір азамат жазасын Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде өтеп жүр. Жалақысының 50 пайызы баласының күтіміне жұмсалуда.


Құқық
09:30, 20 июнь 2023
1 251
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив