Шахматтың Ханзадасы
Аманжол Ханзада Жанкелдіқызы
Аманжол Ханзада 2012 жылы 14-ші наурызда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Ақтөбе қаласындағы № 47 орта мектептің 7 сынып оқушысы.
2019 жылдың қаңтар айынан Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.
Ханзада шахматтан әйелдер арасында ФИДЕ шебері. 2024 жылдың қортындысымен жылдың үздік спортшысы ретінде танылып, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2024 жылдың 14-27 қарашасы аралығында Монтесильвано қаласында (Италия) 8-12 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында шахматтан (классика) әлем чемпионаты өтті.
Қазақстан құрама командасының сапында сынға түскен, интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат бөлімінің оқушысы, ФИДЕ спорт шебері Ханзада Аманжол 12 жас арасында күміс жүлдегер атанды.
Ханзада 2024 жылдың 24 қаңтар - 3 ақпаны аралығында Шымкент қаласында өткен шахматтан 12 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының классика және блиц түрлері бойынша жеңімпаз, ал Албанияның Дурес қаласында өткен оқушылар арасында әлем чемпионатында рапид түрі бойынша қола жүлдегері. Аманжол Ханзада Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде білім алған жылдарындағы жетістіктері:
- Ақтөбе облысының 5 дүркін чемпионы;
- Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы.
- шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы (2019 жыл, Анталья қаласы (Түркия);
- шахматтан оқушылар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2019 жыл, Ташкент қаласы (Өзбекстан);
- шахматтан оқушылар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2024 жыл, Дуррес қаласы (Албания);
- шахматтан жасөспірімдер және қыздар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2024 жыл, Монтесильвано (Италия).
Ханзада Аманжол шахмат спортында өзін білікті, еңбекқор спортшы ретінде көрсетті. Болашағынан үлкен үміт күттіретін Ханзада Аманжолды, Ханзаданың жоғары жетістіктерге жетуіне өзіндік үлестерін қосқан, жаттықтырушы-оқытушылар, бапкерлері Дариға Иманова, Қуанышқали Ернияшов, Дмитрий Попов.
Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен оқушылар арасындағы халықаралық жарыста 13 жас санатында күміс жүлдеге ақтөбелік Ханзада Аманжол ие болды. Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың және жоғары мақсаттарға ұмтылудың жемісі. Сенің жетістігің – тек өзің үшін емес, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш!Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыра бер! Біз сенімен мақтанамыз!
Қазақстан шахмат федерациясының Ақтөбе облыстық филиалы