Ақтөбе мотоцикл жүргізушісі 54 жастағы адамды қағып кетті
29 маусымында 44 жастағы "Reda–150" мотоциклінің жүргізушісі Жарық кентінен Қандыағаш қаласына қарай жолмен жүріп келе жатып, жол жиегінде тұрған 54 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Айгерім ЖҰМАБАЕВА
aiko_zhumabaeva91
Жол–көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптама жүргізушінің мас күйде екенін анықтады. Сондай-ақ, ер адамның бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі "ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да ескертеді. Ешқандай жағдайда рөлге алкогольдік мас күйде отыруға болмайды.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить