Ақтөбеде жол апатынан 4 адам қаза тапты
Қала іргесіндегі Құрайлы ауылы маңында үш автокөлік соқтығысты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Жантүршігерлік жол апаты “Ақтөбе – Орынбор” автожолында болған. Жергілікті полицияның хабарлауынша, “Honda Odyssey” көлігін тізгіндеген жүргізуші Ақтөбе қаласынан Мартөк ауылына қарай бара жатқан. Сол кезде қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан “Hyundai Solaris” автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан “Honda Odyssey” бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан “ВАЗ-2110” автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты. Екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. “Honda Odyssey” автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
