Ақтөбеде клиенттерді алдап соққан зергер ұсталды
Ақтөбеде клиенттерді алдап соққан зергер ұсталды. Ол жөндеуге алған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп жіберген.
Назгүл ӘБЕТОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com
Ақтөбеде бірнеше адамды сан соқтырып кеткен зергер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеймін деп қабылдаған. Кейін әшекейлерді ломбардқа өткізіп жіберген. Түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.Полицейлер ұсталған адамның 20 алаяқтық дерегіне қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын-12 миллион теңге. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құқық
Комментарии (0)
Добавить