Мұнайдан пайда таппақ болған бойжеткен алданып қалды

Ақтөбелік бойжеткен мұнай саласына инвестиция салып, табыс табамын деп 4,3 миллион теңгесінен айырылды. Қаражатты жинау үшін екі банктен несие алып, таныстарынан да қарызға ақша сұраған.

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

kerekinfoaktobe@gmail.com


Жергілікті полицияның мәліметінше, бойжеткен Telegram арқылы белгісіз адаммен байланысқа шыққан. Ол мұнай саласына инвестиция құйып, ақшасын еселеуге болады деген ұсынысқа сенген. Нәтижесінде жәбірленуші алаяқтарға 4 млн 322 мың теңгесін аударған. Алайда уәде етілген табысқа қол жеткізе алмаған. Есесіне, мойнына несие мен қарыз ілінген.

Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтауға кірісті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды интернеттегі инвестициялық ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады. Аз уақыт ішінде жоғары пайдаға кенелуге уәде беретін хабарламаларға сеніп, несие рәсімдеуге асықпаған жөн. Ақша аудармас бұрын ұсыныстың заңдылығын тексеру қажет.

Керек ақпарат
11:06, 02 ноябрь 2026
93
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив