Мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс басталды

Биыл 13-20 шілде аралығында ЖОО-ның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы өзінің ресми инстаграм парақшасында мәлімдеді. 

Арайлым ҚАСЫМ

@araikassym

Құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады. Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлерге ыңғайлы болу үшін виртуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істейді. Талапкерлер бейнебайланыс арқылы кеңес ала алады.

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фотосуретіңіз бен орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектеріне арналған диплом), № 075/е нысандағы медициналық анықтама және № 063/е нысандағы профилактикалық егулер картасы қажет. Ал ер балалар әскери есепке алу куәлігін өзімен бірге алып келуі тиіс. Арнайы жеңілдіктер санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін жеңілдік берілетінін растайтын құжаттардың болуы шарт. Естеріңізге сала кетейік, оқуға түсушілер байқауға 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ нәтижелерінің біреуін ғана ұсына алады.

 

Әлеумет
11:38, 15 июль 2022
986
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив