Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында WTA 250 BNP Paribas Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясының ресми сайты хабарлады.

Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың екінші ракеткалары, корт иелері Катажина Кава – Алисия Росольскамен шеберлік байқасты.

Бірінші партия барысында Кава мен Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын теңестіріп, жеңісті жұлып алды (6:4). Екінші сетте есеп 4:5 болған уақытта да Данилина мен Фридзам брейк жасай алды (5:5). Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жазды (7:5).

Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға шығып кетті. Бұдан кейін Кава мен Росольска есепті қысқартқанымен, Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді ( 10:5). Осылайша, Анна Данилина жұптық сында үшінші рет WTA жарысының чемпионы атанды.

nur.kz

 

Спорт
12:00, 05 август 2022
1 377
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив