Асу Алмабаев Bellator бұрынғы чемпионын жеңді

Бахрейндегі Brave 60 турнирінде 28 жастағы Асу Алмабаев өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері жеңіл салмақтағы Bellator чемпионы, 39 жастағы америкалық Зак Маковскиді төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Асу Алмабаев аталған промоушендегі қатарынан үшінші айқасында жеңіске жетті.

Қазақстандықтың жалпы рекорды қазір 16-2, ал жеңіс сериясы 12 жекпе-жек. Ал бұрынғы Bellator чемпионы Зак Маковски үшін бұл мансабындағы 11-жеңіліс болған. "Бүгін мен және командам бұрынғы Bellator чемпионы Зак Маковскиді жеңіп, қиын сынақтан өттік, біз жекпе-жек жоспарын орындадық, тамаша нәтиже көрсеттік", - деп жазды Алмабаев Instagram желісінде өзінің жеңісі туралы.


Спорт
11:30, 05 август 2022
1 354
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив