Есірткі сақтаған 20 жастағы тұрғын ұсталды

Ақтөбе облысында есірткінің кепілгері 10 жыл түрмеге қамалды

 

Айгерім ЖҰМАБАЕВА

aiko_zhumabaeva91

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1, 3, 5 тармақшаларында Ақтөбе қаласының 20 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

- Күдіктіден 19 грамнан астам психотроптық зат тәркіленді. Полиция қызметкерлеріне ішінде психотроптық заттары бар 11 пакетті өз еркімен тапсырды. Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады. Жауап беруден бас тартты. Сотқа дейінгі тергеу барысында берген айғақтарынан бас тартты. Алайда, қылмыс жасағаны полиция жинаған бұлтартпайтын дәлелдермен расталды. Сотталушының жазасы мен мерзімін бекіту кезінде сот жеңілдететін мән-жайлар: жас мөлшерін, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескерді. "Үкім заңды күшіне енді. Оған 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Өткен жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде психотроптық заттарды кепілге салушыларға қатысты барлығы 15 қылмыстық іс сотқа жолданды. Тоғыз іс бойынша үкім шығарылды. Онда сотталғандардың әрқайсысы 10 жылдан астам бас бостандығынан айырылды", – дейді Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев.

 

 

Құқық
11:30, 07 июль 2022
830
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив